Атырауда еңбек инспекциясының бөлім басшысы екі кісі өлімін жасырмақ болған

Атырауда еңбек инспекциясының бөлім басшысы екі кісі өлімін жасырмақ болған
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бөлім басшысы жұмыс орнында қайтыс болған екі адамның өліміне қатысты істі тоқтатуға байланысты пара беруге итермелеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С.Джабасовқа қатысты үкім жарияланды. Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды», - деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бөлім басшысы мемлекеттік салада лауазымды қызмет ету құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, Антикордың мәліметінше, соңғы үш жылда алаяқтық фактілері бойынша 770 қылмыстық іс қозғалған, оның 122 іс пара беруге итермелеу санатына жатады. Республика бойынша алаяқтарға алданып берілген қаражаттың жалпы сомасы 18,9 млрд теңгеден асып түседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram