Атырауда ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда егде жастағы ер адам 10 күн бұрын жоғалып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

жоғалған адам
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Жоғарған ер адам туыстарының айтуынша, Жұматай Жапаровтың 13 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Ол Атырау қалалық әкімдігіне қарайтын Дамбы ауылдық округіндегі Құрманғазы ауылында тұрған.

«Осы кезге дейін үйіне кері оралмаған ер адамды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Із-түзсіз кеткен ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалып, хабарлауды сұраймыз», -деп мәлім облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 23 жастағы бойжеткенді 3 күннен бері іздеп жатқанын хабарлаған едік.

Ал, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің із-түзсіз жоғалуына байланысты екі күдікті ұсталғанын хабарлады.

Атыраулық құтқарушылар із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткенді Жайық өзенінен іздеп жатыр.

Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жылы дүниеге келген. Ол Атырау қаласының Авангард-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйде тұрған. Пәтерінен 18 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында шығып, кері оралмаған.