Атырауда фельдшерді ұрған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда фельдшерді ұрған күдікті ұсталды
Фото: Атырау облысы әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған күдікті ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 1 мамырда болған. 

«Атырау қаласында түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктінің жасы – 20-да. Наркологиялық тексерудің қорытындысымен күдіктінің жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алды. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Күдіктінің фельдшерді ұруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл қылмыстық істі тергеу барысында анықталады. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шетелдіктен ақша бопсалаған күдіктілер арасында жасөспірімдер бар екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар