Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырған

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау қаласында «ҚазАвтоЖол» АҚ еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды.

Бухгалтера детсада подозревают в хищении более 30 млн теңге в ЗКО
Фото: Kazinform/ЖИ

Атырау көлік прокуратурасы өңірдегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген прокурорлық тексеру барысында «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының 34,8 млн теңге көлеміндегі қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Бас бухгалтер заңсыз түрде төлемдерді есептеп, ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

— Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «ҚАЖсервис» ЖШС-нің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Абай облысында 8,3 млн теңге жымқырған спорт мектебінің бухгалтері сотталғанын жазғанбыз.