Атырауда кезекте тұрған 130 отбасына жаңа пәтер берілді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Бүгін Атырау қаласында пәтер кезегінде тұрған 130 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Тұрғын үй
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, әлеуметтік тұрмысы төмен топ санатындағы тұрғындарға пәтер кезекпен беріледі. Бүгін 130 отбасы жаңа қонысқа көшті. 

«Кезектегі тұрғындардағы пәтер беру кезінде әлеуметтік тұрмысы төмен топ, аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналарға басымдық таныттық. Алдағы уақытта да жаңа баспанамен қамту жалғасады. Қазір «Самал» және «Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сол кезде тағы бір топ тұрғынға жаңа баспана кілтін табыстауды жоспарлап отырмыз», -деді Шәкір Кейкін. 

Жаң баспана ие болғандардың арасында көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар, ата-анасынан айрылғандар бар. Оларға «Модерн» тұрғын үй кешенінен 2 және 3 бөлмелі пәтерлер берілді. 

Мәселен, жаңа қонысқа көшіп, қуанғандардың бірі – Әміре Жангереев. Бірінші топ мүгедегі 16 жыл бері тұрғын үй кезегінде тұрған. 

«Осы күнді 16 жыл бойы күттім. Тұруға жайлы баспанаң болғанға не жетсін. Қуанышымда шек жоқ. Баспананың іші кең, жарық екен», -дейді Әміре Жангерееев. 

Еске сала кетелік, Атырауда тұрғын үй алу кезегінде 21 мыңнан астам адам тұрғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар