Атырауда көлік қағып кеткен әйел оқиға орнында көз жұмды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласындағы Водник-3 ықшамауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға салдарынан әйел көз жұмды.

пожар, пожарная машина, өрт, дтп, знак
Фото: Максат Шағырбаев / Kazinform

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 қараша күні сағат 06:30 шамасында болған. Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде Атырау қаласындағы Водник ықшамауданында орналасқан 5546 әскери бөлімінің сарбазы болған.

Бұған дейін Екібастұзда теміржол стансасының жұмысшысы вагон астында жаншылып, көз жұмғанын жазған едік.