Атырауда оқшаулау мекемесінің қызметкерлеріне күш көрсетуге оқталғандар сотталды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда төрт жігіт қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты оқшаулау мекемесінің қызметкерлеріне күш көрсету қатерін төндірген. Сот айыпталушылардың 3-еуін 8 жылға, 1-еуін 6,8 жылға бас бостандығынан айырды.

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды
Фото: pexels.com

Атырау қалалық №2 сотта айыпталушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 429-бабының 3-бөлігімен және 429-бабының 3-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

- Сотталушылар Т., К., У., И. Атырау қаласындағы №75 мекемеде күзетпен ұсталып отырған өздерінің таныстарының мүддесін қолдап, оларға қатысты қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерлерімен қолданылып жүрген режимдік шараларын тоқтату мақсатын көздеген. Олар алдын ала сөз байласып, 2024 жылғы 18-23 ақпан аралығында өздері ортақ пайдаланатын әлеуметтік чатта аталған мекеме қызметкерлері Қ. мен Р.-ға қатысты күш қолдану қатерін төндіруді ұйымдастыру туралы хабарламалар жазған. Соның ішінде сотталушы И. сотталушыларды оқшаулау мекемесінің қызметкерлеріне күш қолдану қатерін төндіру әрекетін жасауға азғырған. Соның нәтижесінде 2024 жылғы 23 ақпанда сағат түнгі 23.00 шамасында сотталушылар Т., К., У. №75 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Қ.-нның жанұя мүшелерімен тұрып жатқан мекен-жайына көлікпен барып, жәбірленуші Қ.-ға сыртқа шығуды бұйырған, - деп хабарлады соттан.

Сол уақытта жәбірленуші Қ.-ның шақыруымен №75 мекемесінің күзет және режим бөлімі бастығының орынбасары Р. оқиға орнына келген.

- Екеуіне сотталушылар Т., К., У. №75 мекемеде ұсталып отырған таныстарына қатысты режимдік іс-шараларды тоқтату туралы заңсыз талаптарын қойған. Жәбірленушілерге психологиялық қысымшылық жасап, күш қолдану қатерін төндірген, -деп мәлім етті ведомостводан.

Прокурор сотталушылар Т., К., У.-ға 8 жыл 6 ай, И.-ге ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағын қолданып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер прокурордың позициясымен келісті.

Бірақ, сотталушылар өздерінің әрекеті қылмыс екенін білмегендерін айтып, бас бостандықтарынан айырмауды сұрады. Қорғаушылар сотталушылардың әрекетін дұрыс саралауды немесе ақтауды, қылмыстық істі тоқтатуды ұсынды.

Сотпен жаза тағайындау барысында сотталушылар Т., К., У.-дің қылмыстық жауаптылығы пен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Ал, сотталушы И.-дің жас балаларының баруы оның жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

- Сотталушылар Т., К., У. ҚР Қылмыстық кодексінің 429-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, сотталушы И. Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 429-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оның жазасын жеңілдететін мән-жайдың анықталғаны, ауырлататын мән-жайдың болмауы ескеріліп, Қылмыстық кодексінің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағы қолданылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза берілді, - деді соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын қызғаныштан әйел мен 2 баланы өртеп жіберген атыраулық өмір бойына сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар