Атырауда ойын-сауық саябағынан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау қаласында Авангард ықшам ауданындағы ойын-сауық саябағынан өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Атырауда ойын-сауық саябағынан өрт шықты
Фото: Видеодан скрин / ChatGPT

Тілендиев көшесінде орналасқан ойын-сауық паркі аумағында ағаштан жасалған «қорқыныш бөлмесі» мен карусель жанып кетті. 

Өрт сөндірушілер кезлген кезде нысандардың толықтай отқа оранғаны анықталды. Өрт өршіп кеткен. Өрттің тез таралуына жанғыш материалдардың көп болуы себеп болған жоғары өрт жүктемесі әсер етті.

— Құтқарушылар оттың көрші ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Астана қаласының Алматы ауданындағы екі қабатты сауна ғимаратынан өрт шықты.