Атырауда полицейдің ескертуін елемеген жүргізушінің кесірінен жолаушы мерт болды
Атырауда полицейдің ескертуін елемеген жүргізушінің көлігі қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан көліктегі 43 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Kazinform.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 қазанда болған.
— Жергілікті уақытпен сағат 12:40 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 794-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1979 жылғы ер адам жүргізіп келет жатқан «УАЗ» автокөлігі қарсы бағыттағы «DAF XF» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған 1980 жылғы жолаушысы қаза тапты, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына, жолаушының көз жұмуына байланысты тиісті іс-құжаттар жиналып жатыр.
— Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «УАЗ» көлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткен. Алайда, көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатына себепші болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында қозғалысқа қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеміз, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 15 қойды көлік басқанын, кейін 32 жастағы жүргізуші 3 адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram