Атырауда су басқан үйлер дезинфекцияланып жатыр

дезинфекция
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев өңірдегі су тасқыны салдарын жою жұмыстары туралы баяндады.

Жылыой ауданында 1,6 млн текше метр су сорылды, бұл жұмыстарға 3 мыңнан астам адам, 116 техника, 120 су айдау құралы жұмылдырылған.

24 сәуірдегі жағдай бойынша 1615 жеке үйден су бұрылды, оның ішінде 70 үйді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

«Тағы 75 тұрғын үй электрмен жабдықтауға қосылып, 262 үйде газбен жабдықтау жаңартылды. Су тасқынынан қаза тапқан мал үшін залалды өтеуге өтінімдерді тіркеу бойынша жұмыс басталды. Залалды бағалау және төлеу жөніндегі комиссия 2 432 өтініш қабылдады, нысандарды техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Р. Жұмағазиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Соңғы жаңалықтар