Атырауда трактордың қоқыс тиелген тіркемесінде жұмысшылар отыр
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда тұрмыстық қалдықтарды тасымалдап бара жатқан трактор тіркемесінде жұмысшылар отыр.

Мұның суреті туралы әлеуметтік желіде жүктелді.
«Спецавтобаза» ЖШС баспасөз қызметі жұмысшылардың қоқыс тиелген тіркемеде отырғанын растады.
– Мекемеге жол жұмысшылары жұмысқа қабылдану кезінде еңбек қауіпсіздігі туралы ережемен таныстырылады. Оның ішінде Атырау қаласының аумағында тұрмыстық қалдықтар тиелген көліктермен жұмысшыларды тасымалдауға болмайтыны есертіледі. Аталған жайтқа байланысты тіркемеде отырған жұмысшыларға, трактор айдаған механизаторға еңбек кауіпсіздігін бұзғаны үшін шара қолданылды. Мекеме тарпынан қауіпсіздік ережелері күшейтілді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жолға бұрғылау қалдығы төгілгенін хабарлаған болатынбыз.