Атырауда түн ортасында топтық төбелеске қатысқан 3 адам ұсталды

жаппай төбелес
Фото: freepik.com

Атырау қаласындағы Салтанат сарайының маңында бір топ жас жанжалдасқан. Төбелеске қатысқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желі мен Whatsapp мессенджерінде жастардың топтық төбелесі туралы видео тарады. Төбелес түн ортасында Салтанат сарайы ғимаратының алдында болған.

«Атырау қаласындағы Салтанат сарайы алдындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады. Атырау облысының полиция департаменті осы дерекке байланысты тексеруді бастады. Қазір 3 адам ұсталды. Олар полиция органына жеткізілді. Өзге қатысушылардың жеке басы анықталады», -деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуынша, зардап шеккендер мен медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі жастар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірген жоқ

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсары қаласындағы топтық төбелеске байланысты 23 адам ұсталғанын жазған едік.

Құлсары қаласындағы көпқабатты үйдің жанында бір топ адам төбелескен. Жергілікті полицейлер барлық қатысушыны ұстады. Аудандық полиция бөліміне төбелеске қатысы бар 23 адам жеткізілді. Оның ішінде 8 жасөспірім болған. 

Соңғы жаңалықтар