14:51, 15 Наурыз 2024 | GMT +5
Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысып отыр.

Бұған дейін құрылтайдың алғашқы жиыны ұлт ұясы - Ұлытауда өтті. Былтыр түркі әлемінің алтын бесігі Түркістанда жалғасқан еді.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтетіні хабарланған болатын.