Атырауда үй-күйсіз қалған жандарға арналған орталық ашылды

Орталық
Фото: azh.kz

Жаңадан салынған үш қабатты орталық Лесхоз ықшамауданында баспанасыз жүргендерді қабылдайды, деп хабарлайды Kazinform.

Ғимаратта тұрушыларға барлық жағдай жасалған: лифт, душ, демалыс бөлмесі, жиһаздалған бөлмелер бар.

«Бұған дейін баспанасыздарға арналған орталық 1977 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан болатын. 2010 жылы ғимарат қауіпті деп танылып, былтыр бұзылды.

Жаңа орталық 70 орынға есептелген. Бірінші қабатта адамдар түнейтін бөлмелер бар. Орталық қызметкерлері оларды төсек-орын жиынтығымен, қажет болған жағдайда таза киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Олар жуынып-шайына да алады», — деп жазды «Ақ Жайық» басылымы.

Соңғы жаңалықтар
telegram