Атырауда заңсыз айналымнан 7,8 тонна прекурсор тәркіленді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда заңсыз айналымнан 7,8 тонна прекурсор, 751 психотроптық дәрі тәркіленді.

Атырауда заңсыз айналымнан 7,8 тонна прекурсор тәркіленді
Фото, видео: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Дәрмек» іс-шарасы кезінде кәсіпкерлік нысандары мен дәріханалар тексерілді. 

«Іс-шараның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою. Бес күнде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымына қатысты ережелерін сақтамаған 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылардан 7 тонна 840 келі прекурсор мен 751 дана есірткі, психотроптық дәрілік препараттар тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Атырауда заңсыз айналымнан 7,8 тонна прекурсор тәркіленді
Фото, видео: Атырау облыстық полиция департаменті

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен 3 қылмыстық іс тіркелген. Осыған байланысты күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктілерден 529 грамм синтетикалық есірткі, тұрғылықты мекен-жайынан рұқсатсыз сатуға тыйым салынған тропикамид препараты табылған. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 37 жастағы ер адамнан 8 млн теңгенің синтетикалық есірткісі тәркіленгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар