Атырауда Жайық жағалауынан рұқсатсыз қазылған кәріз құдығы табылды

Құдық
Фото: Видеодан алынған кадр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда Жайық жағалауынан рұқсатсыз қазылған кәріз құдығы табылды.

Әлеуметтік желіде Жайық өзенінің жағалауында кәріз құдығы қазылғаны туралы видео жүктелді. 
Осыған орай Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Атырау қалалық қаржы бөлімі мен «Центр поддержки предпринимательства «Евразия» ЖШС арасында 2019 жылғы 28 мамырда дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені аумағындағы жағажай 10 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы арнайы шарт жасақталды. Алайда, аталған сенімгерлік басқарушыға жағажай аумағына кәріз қазуға рұқсат берілген жоқ. Атырау қалалық қаржы бөлімі серіктестік тарапынан сенімгерлік басқару шартының міндеттемелерін орындалмауына байланысты және қалалық прокуратураның ұсынысы негізінде шартты бұзу туралы сотқа талап арыз берілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 25 қаңтарда «Центр поддержки предпринимательства «Евразия» ЖШС тарапынан міндеттемелердің орындалмауына байланысты сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы шешім шығарған. Бірақ, серіктестік басшылары бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық шағым Атырау облыстық сотының азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасында қаралып, бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалған. 

Соңғы жаңалықтар