Атырауда жалған 8 750 АҚШ долларын сатуға шығарған жігіт ұсталды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда 24 жастағы жігіт жалған 8 750 АҚШ долларын сатпақ болған.

Атырауда жалған 8 мың 750 АҚШ долларын сатуға шығарған жігіт ұсталды
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдіктіден 50 доллардың 175 данасы тәркіленген.

— Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды ұстады. Тінту кезінде күдіктіден жалған 50 долларлық купюраның 175 данасы табылды. Жалған банкноттың жалпы сомасы — 8 750 АҚШ доллары. Күдіктінің шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды, — деп хабарлады департаментті баспасөз қызметі.

Атырауда жалған 8 мың 750 АҚШ долларын сатуға шығарған жігіт ұсталды
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Қазір күдіктінің жалған долларды қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр.

— Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қылмыстық топ құрып, салық төлеуден жалтарған күдіктіге іздеу жарияланғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар