Атырауда Жаңа жыл түнінде отбасының шырқын бұзған 30 адам полицияға жеткізілді

Атырауда жаңа түнінде отбасының шырқын бұзған 30 адам полицияға жеткізілді
Фото: Kazinform

Атырауда Жаңа жыл түнінде 30 адам отбасының шырқын бұзған, деп хабарлайды Kazinform. 

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаңа жыл түнінде 102 арнасына 151 шақырту түскен.

«Атырау облысының полицейлері мереке күндері тұрғындар тыныштығын және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін күшейтілген режимдегі жұмысын жалғастырып жатыр. Жаңа жыл түнінде отбасының шырқын бұзған 30 адам полиция бөлімдеріне жеткізілді. Түн ішінде 12 жол-көлік оқиғасы тіркелді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғаларынан ешкім зардап шекпеген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түн ортасында төбелескендер қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар