Атырауда жанжал кезіндегі кісі өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды

Атырау
Фото: Polisia.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда жанжал кезіндегі кісі өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Атырау қаласында болған жанжал бақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіде жанжал туралы видео тарады. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Жанжал кезінде дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханада жеткізілген. Алайда, ол дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болған. 

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бұрынғы әйелін жуыну бөлмесінде жасырын видеоға түсіріп, бопсалаған ер адам сотталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram