Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда өткен «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі аясында Жайық өзенінде кемелер шеруі ұйымдастырылды.

Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

Фестивальдің ең көрнекті іс-шараларының біріне айналған салтанатты шеруге 50-ге жуық кеме қатысты.

Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

Бейбарыс Сұлтан көпірінен басталған шеру Тұрғындар қалашығы көпіріне дейін жалғасып, өзен бойына жиналған тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

а
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Кемелер шеруі өңірдің өзен және теңіз мәдениетін, су көлігі саласының әлеуетін және Каспий маңының бай мұрасын насихаттауға бағытталды.

Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

Өзен бойымен сап түзеген ондаған кеме Атыраудың су жолдарымен тығыз байланысты тарихын дәріптеп, Жайық өзенінің өңір өміріндегі ерекше орнын айшықтады.

Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінен
Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

– «Қазыналы Каспий» фестивалі Каспий өңірінің балық шаруашылығы дәстүрлерін дәріптеуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Кемелер шеруі – фестивальдің ең көрнекті бөліктерінің бірі. Бұл шара арқылы Жайық өзенінің өңір тарихы мен тіршілігіндегі маңызын көрсетуді мақсат еттік, – деп мәлімдеді Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

шеру
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Мұндай іс-шара былтыр да ұйымдастырылған еді. Балықшылар күніне орайластырылған шеруге өткен жылы 30-ға жуық кеме қатысты.

Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінен
Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: Видеодан алынған скрин
Атырауда Жайық өзенінде 50-ге жуық кеме қатысқан шеру өтті
Фото: видеодан алынған скрин

Бұған дейін Қазақстанның батысындағы үш өңірде браконьерлерден 8 тоннадан аса балық пен 10 келі уылдырық тәркіленгенін жазған едік.