Атырауда Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды

өзен
Фото: Ғайсағали Сейтақ / Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін табылған мүрденің жеке басы анықталмаған.  

«Бүгін, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Сол кезде сүңгуірлер 2008 жылғы жасөспірімді бір айдан астам уақыт іздеп, таба алмаған еді. 

Еске сала кетелік, бұған дейін су басқан Құлсарыдан бір адамның мүрдесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Кейін Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның мүрдесі табылды. 

Соңғы жаңалықтар