Атырауда Жайықтың суы күні бойы көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Атырау облысының жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша соңғы мәліметті жариялады.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің 17 мамыр сағат 21:00–де өзгеруі:
(17 мамыр таңғы 08:00–мен салыстырғанда)
— Индербор -1 см, су деңгейі — 1029 см, шекті деңгейі — 845 см;
— Махамбет + 4 см, су деңгейі — 1004 см, шекті деңгейі — 850 см;
— Атырау + 4 см, су деңгейі- 564 см, шекті деңгейі — 550 см;
— Жаңаталап ауылы + 1 см, су деңгейі — 408 см, шекті деңгейі — 500 см;
— Еркінқала + 1 см, су деңгейі — 366 см, шекті деңгейі — 450 см.