Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 31 қазанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау қаласында күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.