Атырауда жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 25 дерек тіркелген

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда есірткімен байланысты қылмыс азаймай отыр. Жергілікті полицейлер биыл жыл басынан бері 25 деректі анықтаған. 

есірткі
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілген.

«Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 25 қылмысты анықтады. Оның ішінде аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау және тасымалдауға байланысты 8 дерек бар. Ал, 10 дерек аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сондай іс-әрекет қатысты болып отыр. Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз жұмыс істеуге қатысты 7 дерек тіркелді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын БҚО мен Ақмола облысының тұрғыны Атырауда есірткіні тығып сатпақ болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Атырауда көрші өңір тұрғындарынан есірткі мен тапанша тәркіленді. 

Соңғы жаңалықтар