Атырауда жыл басынан бері қылмыс жасаған 31 жасөспірім анықталған

полиция рейд
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жыл басынан бері 31 жасөспірімнің қылмыс жасағаны тіркеліп отыр.

Атырау облыстық жергілікті полиция басқармасының басшысы Ерлан Биғамбаевтың дерегіне қарағанда, ішкі істер органдарына 2815 жеткізілген.

«Жыл басынан бері жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жасөспірім және жауапкершілік» іс-шаралары өткізілді. Атқарылған іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері ішкі істер органдарына 2815, оның ішінде 31 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін жеткізілді. Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 48 жасөспірім орналастырылды. Полицияның арнайы есебіне 89 жасөспірім алынды. Оның ішінде профилактикалық есепке қойылған 45 жасөсіпірім бар. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны 41 ата-ана есепке қойылды», -деді Ерлан Биғамбаев.

Оның айтуынша, қаңтардан бері балалардың қатысуымен 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғасынан 6 жасөспірім қаза тапқан. Ал, 60-тан астам жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 17 жол оқиғасы болғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар