Атырауда жүйке-жүйесі бұзылған науқастарды еңбекпен емдеу терапиясы үшін күркетауық өсіріледі

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында жүйкесі бұзылған науқастарға арналған еңбек терапиясы үшін күркетауық өсіру қолға алынады. 

Күркетауық
Фото: Pyxabay.com

Махамбет ауданындағы № 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Гүлнәр Зинеденованың мәліметінше, 1942 жылы ашылған психоневрологиялық сырқатқа шалдыққан 309 науқас емделеді. Оның ішінде 152 ер, 157 әйел адам бар. Емделушілердің 33-іне І топ, 276-ына ІІ топ мүгедектігі берілген. 

Индейка
Фото: Pyxabay.com

«Күркетауық психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарды еңбекпен емдеу терапиясы үшін қосалқы шаруашылықта өсіріледі. Былтыр қосалқы шаруашылықта ешкі, тауық және қоян өсіру үшін қоражай салынды. Қазір қосалқы шаруашылықта 10 ешкі, 3 лақ, 33 қоян, 9 тауық өсіріледі», — дейді Гүлнәр Зинеденова. 

Оның айтуынша, орталықта пандус, зағип жандар үшін тактилді жолақ, ақпараттық мнемосхема, Брайл қарпімен жазылған тақтайшалар орнатылған. 

«Орталықта қауіпсіздік мақсатында 93 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Оның 45-і сыртқы аулаға, 48-і бөлімшелерге орнатылды. Бейнебақылау камерасына талшықты желі орнатылып, полиция қызметіне қосылды», — деп мәлім етті Гүлнәр Зинеденова. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жекеменшік балабақшаның қызметкері баланы басынан ұрғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар