Атыраудағы жеке балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан шығарылды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласындағы жеке иеліктегі балабақшада әйел кішкентай баланы баланы тепкен. Тәрбиешінің бұл әрекеті видеоға түсіп қалған соң жұмыстан шығарылған.

Әлеуметтік желіде тараған видео авторы оқиғаның «Зейнеп-Амина» жекеменшік балабақшасында болғаны жөнінде жазба қалдырды. Видеода әйелдің кішкентай ұлды тепкені түсіп қалған.
– Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған соң пікір білдіре алмаймыз. Жеке иеліктегі балабақшаға лицензияны білім бақылау департаменті Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті береді, - деп мәлім етті облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.