Атыраудың кейбір бөлігі мен оған іргелес елді мекендерде жарық өшіп қалды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласының кейбір бөлігі мен оған таяу орналасқан ауылдарда жарық өшіп қалды. Жергілікті энергетиктер қатты жел ақауды қалпына келтіруге кедергі екенін алға тартып отыр.

свет жоқ
Фото: Kazinform

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бүгін, 6 ақпанда сағат 18:00-де Атырау қаласында электр желілері ажыратылған. 

«Қатты жел соғып, қар аралас жаңбырға ұласуына байланысты Атырау қаласына қарасты ықшам аудандар мен елді мекендердегі 0,4/6/10кВ электр желілерінде апатты жағдайда өшу тіркелді. Қазір Атырау қаласындағы Темірханов, Каженбаев, Б.Малин, Ж.Танқыбаев, Б.Аманшин, Д.Шайденов көшелерінде, «Самал», «Мұнайшы» шағын аудандары мен Береке, Томарлы, Көктем елді мекендерінің тұрғындары жарықсыз отыр. Әуе желілеріндегі ақауға жеке және заңды тұлға теңгеріміндегі трансформаторлық стансалардағы сымдардың бір-бірімен айқасуы себеп болған», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі. 

Қазір Атырау қалалық электр жүйесінен жөндеушілер бригадалары ақауды қалыпқа келтіру жұмысын атқарып жатыр. 

«Алайда қалыпқа келтіру жұмыстарын тез бітіруге қатты жел кедергі келтіріп тұр. Қатты желдің салдарынан әсіресе, гидрокөтергіш агрегаты мен кранның жұмысы кешеуілдеді», деп мәлім етті баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау көшелерінен кешеден бері 2,4 мың тонна су сорылғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар