Атыраудың кейбір бөлігінде 24 мамырға дейін ыстық су болмайды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының кейбір бөлігінде 24 мамырға дейін ыстық су уақытша берілмейді.

су
Фото: Pexels

«Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның ақпаратына сүйенсек, 20-24 мамыр аралығында мұнайлы шаһардағы жылу пунктерінің жабдықтарын тексеру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

«Жөндеу жұмыстарына байланысты Атырау қаласындағы 3 орталық жылу пунктінен ыстық берілетін кейбір мекен-жайларда ыстық су уақытша тоқтатылады.

«Алмагүл-2» орталық жылу пунктіне қарасты № 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, «Аяпбергенов» орталық жылу пунктінен «Вокзал маңы-3» шағын ауданындағы №12, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 22, 23, «Қалалық аурухана» орталық жылу пунктінен Құрманғазы көшесіндегі 1, 1а, 3, 5, Владимирский көшесінде орналасқан №99, 101, «Авангард-3» шағынауданындағы №9 үйге ыстық су берілмейді»,-деп хабарлады облыстық энергетика кешенінің баспасөз қызметі. 

Жылу пунктеріндегі жабдықтарды жөндеу бүгін басталған. Оны 24 мамырда аяқтау көзделіп отыр. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 4 станса Жайықтан алынған суды үздіксіз тазартатынын хабарлаған едік.