Атыраудың маңынан дендрологиялық парк салуға 20 гектар жер телімі бөлінген

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының маңынан дендрологиялық парк салуға 20 гектар жер телімі бөлінген.

БҚО-да құны 231 млн теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімі алынса, жобалау жұмысы басталады. 

«Көптен бері айналысып жүрген бірқатар жобаларымызбен бөліскім келеді. Біріншісі – Атырау қаласында дендрологиялық парк ашу жобасы. 2023 жылы Атырау қаласы маңынан 20 гектардан астам жер телімін бөліп, ғылыми негіздеме жасау жұмыстарын бастаған едік. Бүгінге дейін Ботаника және фитоиндустрия институты жаңа парктің ғылыми негіздемесін әзірледі. Ендігі кезекте Экология және табиғи ресурстар министрлігінен тиісті келісім алып, жобалау жұмыстарына кірісу қажет. Барлық құжатты рәсімдеген соң, құрылысқа кірісетін боламыз», -дейді Жасұлан Бисембиев.

Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, екінші жоба – қазақ әдебиетін, соның ішінде жергілікті жазушыларымыздың туындыларын аудио нұсқаға аударып, танымал платформаларға жүктеу. 

«Осыған байланысты Bookmate қосымшасымен келісімге келіп, алғашқы 4 кітаптың аудио нұсқаларын жасалды. Аудио нұқсалар қосымшаға жүктелді. Алдағы уақытта тағы 30-дан астам кітапты енгізетін боламыз. Бұл бастамалар – әкімдіктің жүзеге асырып келе жатқан көптеген жобаларының бірегейі. Жобалар белсенді азаматтардың ұсыныстарымен басталды. Олардың сәтті жүзеге асуы қоғамның назарында болады», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін ортағасырлық Сарайшықтан табылған кесенің қандай құпиясы барын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар