Атыраудың тағы бір ауданында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шектен асты

Жайық
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраудың тағы бір ауданында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шектен асып кетті.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, бүгін, 5 мамырда күндіз Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданында қауіпті шектен асып кеткен еді. Кешкі сағат 20:00-де Махамбет ауданында да су деңгейі қауіпті шектен асты.

Кешкі сағат 20:00-де Индербор кентінің тұсында су деңгейі + 15 см-ге ұлғайып, 867 см болды. Бұл қауіпті деңгейден 22 сантиметрге көп.

Ал, Махамбет ауданында + 7 см көбейген су деңгейі 853 сантиметрге жетті. Бұл ауданда қауіпті деңгейі 850 см еді.

Қазір Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі – 493 см. Мұнайлы шаһардағы қауіпті шек 550 см деңгейінде белгіленген.

Жайық өзенінің суы шаһар маңындағы Жаңаталап ауылында 352 см, Еркінқала елді мекенінде 312 см шамасында болып тұр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінің суы Индер ауданында қауіпті деңгейден асып кеткенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар