Атыраудың Жылыой ауданында 650 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын алды

жәрдемақы
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Жылыой ауданында 650 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек қаржысы берілді.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуыннша, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталған. 

«Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазір 650-ге жуық өтініш бойынша бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын төлеуге шешім қабылданды. Өтініші қанағаттандырылған отбасылардың есеп-шотына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне сәйкес 369 мың 200 теңге түсті», -деп хабарлады Гүлнафис Айшуақова. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Жылыой ауданынан 1942 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш бергенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар