Атырауға көмекке бармақ болған Түркістан облысының тұрғынын жүк көлігі басып қалды

Адам өлімі
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмекке бармақ болған тұрғынды өзінің жүк көлігі басып қалды.

Оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бадам елді мекеніндегі темір жол станциясында болды. Қоғам белсендісі Диас Нұрақынның жазуынша «хово» жүк көлігін вагонға тиеп жатқанда көлік доңғалағы тайып кетіп, иесін басып қалған. Салдарынан 7 баланың әкесі 37 жастағы азамат оқиға орнында қайтыс болды.

Адам өлімі
Фото: Әлеуметтік желіден алдынды

Аталған жағдай бойынша көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі таңда тергеу жүріп жатқандығын жеткізді. 

«Аталған факт 13 сәуірде Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне еңбектi қорғау қағидаларын бұзуы — абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды» - делінген ведомства ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар