Атыраулық әже TikTok арқылы табыс тауып, жаңа баспаналы болды
АСТАНА. KAZINFORM - Атыраулық Хадиша Аймұхамбетова Тикток арқылы табыс тауып, пәтер сатып алды. «Батыстың әжесі» лақап атымен танымал қолданушы TikTok компаниясымен келісімге де отырған. Бұл туралы Jibek Joly арнасы хабарлайды.
Хадиша апай үйде үш немересін бағып отыр. Оған қоса, 70 жастағы әже Тикток желісінде күнделікті 4-5 сағатын өткізеді. Мұны үйреткен өз ұлы. «Батыстың әжесі» лақап атымен елге танылған апа қазір әлеуметтік желінің жұлдызы. Ең қызығы, 10 млн табыс тауып, жаңа баспана алған.
«Қай бос уақытыи болса, балалармен жарысып Тикток қараймын.Әрбір қызықты рислтарды қараймын.Ұлым айтты, мама сен стрим аш деп. Құрсын не айтамын дедім, қазақшаға жақсымын.Сосын, бір жылда батл ойнап,ақша тауып отырмын. Бүкіл шетелмен ойнаймын. Жалпы қазақтармен көп ойнамаймын»,- дейді Хадиша Аймұхамбетова.
«Батыстың әжесі» Тиктокта 100 мыңға жуық оқырман жинаған. Дені шетелдіктер. Хадиша апай олармен әлеуметтік желі арқылы араласып тұрады.
«Шетелден көп дос таптым.Тәжікстанна, Армения, Украинадан. Басқа оқырмандарымда сол жақтан. Бәрі мені қолдайды. Қазақтар да осал емес. Қазақта үлкенді, әжені сыйлайтындар бар ғой. Бәрі сыйлайды ғой. Барлық тілін меңгеріп алдым. Сауатым бар. 3:36 Өз замандастарымды да осыған баулып жүрмін», - дейді атыраулық әже.
Айта кетейік, Тиктокта табыс табудың екі жолы бар. Бірі парақшаны табыс тетігіне қосу. Екіншісі стрим, яғни, тікелей эфирге шығып, оқырмандардың жіберген сыйлықтарын қабылдау. Оның өз өлшембірлігі бар. Тикток теңгеге шағып, әмияныңызға аударады. Ал табыс тетігі деген тұсы Қазақстан аумағында іске қосылмаған. Қазір, Тиктоктан ақша табу үшін, Франция тұрғыны ретінде тіркеліп желінің алгоритімін алдайтындар да бар.