Атыраулық жігіт Жалғансай ауылындағы құлпынай алқабына қайықпен қатынап жүр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласында тұратын жігіт Жалғансай ауылындағы құлпынай алқабына қайықпен қатынап жүр.

Құлпынай алқабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Атырау облысы жедел штабының мәліметіне сүйенсек, Дәулет Ғарифолла құлпынай өсіру үшін Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылы маңынан 50 гектар жер алған. Өзі Атырау қаласында тұрады. 

Құлпынай алқабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

«Бізге құлпынай өсіру үшін бөлінген алқап Жайық өзеніне таяу маңда орналасқан еді. Биыл бұл өзеннің жайылмасына мол су шықты. Соған байланысты 0,5 гектарға құлпынай ектік. Біз күн сайын сол алқаптан 2-3 рет құлпынай жинаймыз. Атырау қаласына 60-100 келі құлпынай әкеліп жүрміз. Қазір құлпынай алқабы су ортасында тұр. Сол себептен, біз құлпынай алқабына қайықпен қатынауға мәжбүрміз. Бірақ, тасқын судың молдығы біздің ісімізге кедергі келтірген жоқ», - дейді Дәулет Ғарифолла.

құлпынай алқабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы Сарыөзек каналы маңынан 9 шаруа қожалығы қауіпсіз аумаққа көшірілетінін хабарлаған болатынбыз. 

Ал, бүгін Жайық өзенінің суы Атырауда 6 метрге жеткенін жазған едік.