Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың әуежайдағы ескерткішіне гүл шоғын қойды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраудағы халықаралық әуежай Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімімен аталады. Әуежай алаңына қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыздың ескерткіші қойылған.

Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың әуежайдағы ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бүгін Атырау жұртшылығы Жеңіс күні мерекесі аясында даңқты ұшқыштың рухына тағзым етті. Ескерткішке гүл шоғын қойды.

Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың әуежайдағы ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

– Жеңіс күні – календарлық дата ғана емес, майдангерлер ерлігімен жазылған тарих. «Қанатты қыз» атанған ұшқыш Хиуаз Доспанова – қазақ қызының өжеттігін батылдығымен, жанқиярлығымен дәлелдеген батыр. Ол Отанды сүюдің үлгісін көрсетті, -деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың әуежайдағы ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Үкімет қаулысымен 2020 жылы Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі Атырау халықаралық әуежайына берілген еді. Ол 1922 жылы Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында өмірге келген.

1940 жылы Оралдағы №1 орта мектебін үздік бітірген. Осы қаладағы аэроклубта ұшқыштың алғашқы әліппесін меңгерген.

Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың әуежайдағы ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Екінші дүниежүзілік соғыста ұшқыш, штурман-атқыш болған. Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Майданда 300-ден аса жауынгерлік операцияны орындаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Кеңес Одағының Батыры атағына 2 рет ұсынылғандар арасында 6 қазақ болғанын жазған болатынбыз.

Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың әуежайдағы ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар