Атыраулықтарға су басу қаупі бар жолмен жүру қауіпті екені ескертілді

Паводок  Атбасар Су тасқыны
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының тұрғындарына Махамбет, Индер аудандары бағытындағы жолмен жүру қауіпті екені ескертілді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 24 мамырда ауа райына байланысты ескерту жарияланып отыр.

«Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады», -делінген ақпаратта.

Ауа райының нашарлауына байланысты облыс тұрғындарына алыс жолға шықпау қажеттігі ескертілді.

«Әсіресе, тасқын қаупі күшейіп тұрған Махамбет, Индер аудандары бағытындағы трассалармен жолға шықпаған жөн. Бұл бағыттағы жолдармен жүру қауіпті. Қазір Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Су тасқынының қаупіне байланысты кейбір бағыттағы автомобиль жолдары уақытша жабылды», -деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Жайық суы тасып, Атырау-Орал жолының 80-85-шақырым аралығы жабылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар