Атқарушы іс-жүргізу шаралары жетілдірілетін болады - Парламент

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Атқарушы іс-жүргізу шаралары жетілдірілетін болады - Парламент

Заң жобасының мақсаты атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру, сот орындаушыларына борышкерлерге әсер етудің нақты тетіктерін беру, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою болып табылады. Бұдан бөлек, құжатта ұсынылған өзгерістер заңды күшіне енген сот актілерінің абсолютті түрде орындалуына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталады. Бұдан бөлек, заң жобасы бойынша сот орындаушылары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында олардың өкілеттілігін кеңейту қарастырылады. Әділет министрі Берік Имашевтың айтуынша, бүгінгі күні атқарушылық іс жүргізу саласында күрделі жағдайлар қалыптасқан. Мәселен, қолданыстағы институттар мен құралдар Конституцияның сот актілерін орындалу міндеттерін іске асырылуын қамтамасыз ете алмай келеді. Сондықтан да, заң жобасы осындай олқылықтардың орнын толтыруға бағытталады.