Атқарып отырған қызықты да қиын, қажырлы да нәтижелі еңбектеріңіз жемісті бола берсін - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауы

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы М. Құл-Мұхаммед БАҚ өкілдерін төл меркелерімен құттықтады.

Атқарып отырған қызықты да қиын, қажырлы да нәтижелі еңбектеріңіз жемісті бола берсін - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауы

«Ішкі саяси тұрақтылық пен келісім үшін қажет қоғамдық пікірді қалыптастырып, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда атқарып отырған қызықты да қиын, қажырлы да нәтижелі еңбектеріңіз жемісті бола берсін. Халық тағдырының айнасы іспеттес жарқын шығармаларыңызбен қалың жұртшылықты қуанта беріңіздер.

Алдағы уақытта да егемен еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек ете берулеріңізге тілектеспін. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке-бірлік тілеймін!», - деп лебізін білдірді министр ведомство сайтында жарияланған құттықтау сөзінде.