07:28, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Атқылаған Этна жанартауы туристерді жарақаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сицилияда жанартау атқылап, соның салдарынан он адам зардап шекті, деп хабарлайды euronews.com .
Оқыс оқиға Этна жанартауының екінші деңгейлі кратерінің бірінде болды. Үстеріне жанартау жынысы құлағанымен адамдар айтарлықтай жарақат алмады. Олардың барлығы экскурсияда жүрген туристтер. Алты адам жергілікті ауруханаға медициналық көмекке жүгінді, алайда олардың денсаулықтарына селкеу түсіретін қауіп төнбеген еді.
Этна жанартауы өткен айда бастап қайта оянды. Соңғы күндері сейсмологтар лава атқылауын жиі тіркеп жүр. Айта кетерлігі, белгілі жанартау атқылай бастаған уақытта да адамдарға айтарлықтай қауіп төндірмеген.