Атлант мұхитында екі атом сүңгуір қайығы соқтығысып қалды

МӘСКЕУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Ақпан айының басында Атлант мұхитында ядролық оқтұмсықты зымырандары бар екі сүңгуір қайық – британдық Vanguard қайығы мен француздың Le Triomphant қайығы соқтығысып қалған.

Атлант мұхитында екі атом сүңгуір қайығы соқтығысып қалды
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, радиация таралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға шамамен, ақпанның 3 немесе 4-і күні Атлант мұхитының ашық суында орын алған. Субмариндардың бортында жалпы есепте 21 теңізші болған, бәрі дін аман. Корпусы айтарлықтай майысқан британдық сүңгуір қайық кеше Шотландиядағы Faslane әскери-теңіз базасына сүйреп жеткізілген. Ал гидроакустикалық жүйесі біраз зақымданған француз сүңгуірі Францияның батысындағы Брест айлағына өзі жүзіп жеткен.