Атлант мұхитында ресейлік экипажы бар жүк кемесі жоғалып кетті
МӘСКЕУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Әскери-соғыс флотының Arctic Sea кемесіне байланысты жағдайды жіті талдауда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Inopressa.ru сайтына сілтеме жасап.
Жүк кемесі Португалияның жағалауындағы Атлант мұхитында жоғалғаны жөнінде байлам жасалған, деп мәлім етілген РФ Әскери-соғыс флотының ақпарат және жұртшылықпен байланыс қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін «Морской бюллетень - Совфрахт» басылымы Arctic Sea жүк кемесі ресейлік экипаждың шамамен Португалияның жағалауындағы Атлант мұхитында жоғалғаны жөнінде хабарлаған болатын.
Сайттың редакторы Михаил Войтенконың айтуынша, жүк кемесі алжирлік Беджай айлағына тамыздың 4-інде келуге тиіс болатын, бірақ кеме шілденің 28-інде жоғалып кеткен. Байланыс та, не орналасқан орнынан да дерек жоқ.