07:57, 05 Маусым 2009 | GMT +5
Атлант мұхитында табылған сынықтар Air France ұшағына тән емес - соңғы мәліметтер
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат –Кеше Атлант мұхитында табылған сынықтар Air France әуекомпаниясының жоғалған ұшағынікі емес,
деп хабарлады Бразилия Әскери-әуе күштерінің өкілдері. Әскери-әуе күштерінің бригадирі Рамон Боржес Кардозоның айтуынша, «ұшақтың ешқандай бөлшектері табылмаған». ҚазАқпарат бұл туралы Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Бұдан бұрын бразилиялық іздеу командаларының Атлант мұхитында ұшақ құлаған орынды тапқанын және сынықтарды көтеруге кіріскені хабарланған болатын. Қаза болғандардың денелері де, «қара жәшіктер» де әзірге табылмай отыр. Мамандардың пайымдауынша, ұшақ тереңге батып кетуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 1-інде Air France компаниясының A330-200 аэробусы Рио-де Жанейродан Парижге бара жатқан жолда Бразилия жағалауында радардан жоғалып кеткен еді.