Атлантикада Air France әуе компаниясының жоғалған ұшағы табылды

БРАЗИЛИА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Атлантикада табылған сынықтар, сөзсіз Air France компаниясының ұшағының қалдықтары.
None
None
Бұл туралы Бразилия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылды. Қазір апат орнында бразилиялық және француздық әскери ұшақтар жұмыс істеуде. Оқиға орнына бірнеше елдің әскери кемелері бет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Бұған дейін, Бразилия жағалауынан 600 шақырымдай жерде жолаушылар ұшағының сынықтары табылды деген ақпарат таратылған болатын. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 1-інде Air France компаниясының A330-200 аэробусы Рио-де Жанейродан Парижге бара жатқан жолда Бразилия жағалауында радардан жоғалып кеткен еді. Оқиға орнына су астын тексеру жабдықтарымен жарақталған зерттеу кемесі бара жатыр.
Соңғы жаңалықтар