Атлантикада апат болған Air France ұшағының құйрық бөлігі табылды
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО-ЛОНДОН. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Бразилиялық құтқарушылар бір апта бұрын Атлант мұхитына құлаған Air France ұшағының құйрық бөлігін тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап. Бразилиялық әскерилер Air France таңбасы бар ұшақтың сынығын сүңгушілердің судан шығарып жатқан сәтті бейнеленген фотосуреттерді жариялап отыр. Дүйсенбі күні тағы 8 адамның денесі табылды. Осылайша, құтқарушылар судан алып шыққан денелердің жалпы саны 24 болды. Бұл туралы Бразилия Әскери-Әуе күштерінің полковнигі Эри Муос мәлім етті. «Қара жәшіктерді» іздестіру шаралары жалғасуда.Тергеу бортында 228 адам болған Air France әуекомпаниясының А330 ұшағының апат болу себебін әзірге анықтаған жоқ.