«Атлантис» кемесі Жерге оралады
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Американдық «Атлантис» шаттлының экипажы Халықаралық ғарыш стансасының экипажымен қоштасып, Жерге оралуға дайындалуда.
Бүгін, 19 шілдеде кеме Халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, Жерге оралады.
«Атлантис» Жерге 21 шілдеде қонады деп жоспарлануда. Алдын ала есептеулер бойынша, кеме Флоридаға мәскеу уақыты бойынша 13.58-де қонуы тиіс", - деп хабарлады РБК агенттігі.
Шаттл Жерге оралғаннан кейін стансада үш ресейлік ғарышкер - Халықаралық ғарыш стансасының 28-ші экипажының командирі А.Борисенко, бортинженерлер Александр Самокутяев, Сергей Волков, НАСА астронавтары - Рональд Гаран, Майкл Фоссум, жапондық ғарышкер Сатоши Фурукава жұмыстарын жалғастырады.
«Атлантис» шаттлы -Space Shuttle бағдарламасы бойынша сапарға аттанған соңғы кеме. Бұл - бағдарламаның 30 жылдық тарихын қорытындылайтын 135-ші ұшу сапары. Жерге оралғаннан кейін «Атлантис» Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығына көрмеге қойылады.