«Atlas Jet» әуекомпаниясы «Гүлнәр тур» клиенттерін тасымалдауда өз талабын қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Atlas Jet» әуекомпаниясы «Гүлнәр тур» ЖШС клиенттерін тасымалдаумен айналысады. Алайда, клиенттердің қолында әуебилеті мен қонақ үй төлемдерін растайтын құжаттар болуы шарт, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінен.
2014 жылы 18-19 шілдеде Астанада аталған әуекомпания басшылығы мен ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті, ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті және ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өзара келіссөздер жүргізді, делінген хабарламада.
Нәтижесінде, 19 шілдеден бастап, «Atlas Jet» әуе компаниясы 2014 жылғы жазғы маусымның аяқталуына дейін Анталиядан Қазақстанға ұдайы рейс жасамақ. Ұшақ билеттеріне брондау жүйесі арқылы қол жеткізуге болады.
«Atlas Jet» әуе компаниясының ақпаратынша, Анталияға ұшу/ұшып келу Астана және Алматы қалаларында аптасына 3 рет жүзеге асырылады. Қарағандыдан ұшуға тиіс азаматтар Астана арқылы ұшатын болды.
«Atlas Jet» әуекомпаниясының билеттері және қонақ үй үшін жасаған төлемдерін растайтын құжаты барлар өңірлердегі «байланыс желісі» бойынша хабарласып, төлем көшірмесін ұсынуы қажет. Ұшаққа отыру кезінде де бұл құжаттар болуы керек.
Ақпаратты ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің электронды мына мекенжайына: kit.mint.gov@gmail.com, ermuhankyzy@gmail.com жіберуге болады. Байланыс телефоны: 8 (7172) 749163.
Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі «байланыс желілері»: 1. Астана қаласы әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефондары - 8 (7172) 556 753, 8701 553 62 08; 2. Алматы қаласы әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефондары - 8 (727) 390 87 39, 8 (727) 390 88 86 (аэропорт); 3. Ақмола облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 705 517 8275; 4. Ақтөбе облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефондары - 8 (7132) 55 26 36, 8 701 764 56 64, 8 701 222 18 11; 5. Алматы облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 702 343 88 14; 6. Атырау облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефондары - 8 701 459 44 60, 8 778 280 92 34; 7. Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефондары - 8 (7232) 70-27-47; 8 (7232) 24-38-93, 8 778 930 20 30, 8 776 135 55 57; 8. Семей қаласы әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефондары - 8 (7232) 70 27 47, 8 (7232) 24 38 93; 9. Жамбыл облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 701 098 9 0 00, 8 (7262) 43 84 09; 10. Батыс Қазақстан облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 701 266 02 42; 11. Қарағанды облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 (7212) 42-06-89, 8775 329 45 55, 8 702 779 59 49; 12. Қостанай облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 (7142) 575 251, 8 705 171 10 12, 8 771 774 32 47; 13. Қызылорда облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8701 788 93 41; 14. Маңғыстау облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 701 683 35 15; 15. Павлодар облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8-777-777-20-22; 8-705-268-28-33; 16. Олтүстік Қазақстан облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 775 144 9029 17. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігіндегі «байланыс желісінің» телефоны - 8 (7252) 21 35 23, 8 702 509 62 88