«Атлетико» 3 жылда чемпиондар лигасының финалына екінші рет шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Атлетико» екі матчтың қорытындысы бойынша «Баварияны» жеңіп, чемпиондар лигасының финалына шықты.

«Атлетико» 3 жылда чемпиондар лигасының финалына екінші рет шықты

«Атлетико» 3 жылда чемпиондар лигасының финалында екінші рет ойнайды. Осыған дейін мадридтіктер турнирдің бұл кезеңіне 2014 жылы жетіп, «Реалдан» жеңіліп қалған болатын (1:4).

«Атлетиконың» қарсыласы «Реал» мен «Манчестер Сити» құрамаларының кездесуінен кейін белгілі болмақ, деп жазды sports.ru.