Атмосфералық ағымдар Қазақстанға жауын-шашын мен жел әкеледі, бұршақ жаууы да мүмкін - 8 маусымға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - 8 маусым күні атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағының көптеген бөлігіне әсерін сақтап қалады, олармен бірге кейбір жерлерде жауын-шашындар күтіледі, найзағай жарқылдап, жел күшейеді,
кейбір жерлерде шаңды дауыл өтіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл өтеді.
Батыс қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін, кейде 25 м/с дейін жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде күн қатты ыстық болады деп күтіліп отыр.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде.