Атом энергетикасы - Еуразиялық даму банкінің келешегі кемел бағыттарының бірі
АЛМАТЫ. 22 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Атом энергетикасы Еуразиялық даму банкінің келешегі кемел бағыттарының бірі.
Бұл жайлы аталмыш халықаралық қаржы институтының Талдамалық жұмыс жөніндегі директоры Владимир Ясинский ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты
«Ресей мен Қазақстанда атом энергетикасында бәсекелестік басымдығы бар. Оны қолдан шығаруға болмайды. Ресейде қазір әлемдегі ең қауіпсіз реакторлар бар. Оны жетілдіру жұмысы одан ары жалғасуда. Әрине, мүлде қауіпсіз реактор болуы мүмкін емес. Жаңа типтегі бұл реакторлардың қауіпсіздігін сарапшылар бағалайды. Қазір әлемде қаншама АЭС салынуда. АЭС сияқты кез келген су электр стансалары әлеуетті қауіпті нысан саналады», - дейді Владимир Ясинский. Оның айтуынша, Өзбекстан мен Тәжікстанда су электр стансаларын салуға болмайды. Егер онда жер сілкінісі болса Орталық Азияның жартысын су шаюы мүмкін. Бұл радиациядан да қауіпті.